Қазақстанда алғаш рет ұлттық кітап күні аталып өтілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 сәуір

Былтыр Қазақстанның Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда ҚР Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

 «Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл - білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», - делінген құттықтауда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото