ШЫҰ елдерінің кинофестивалі Қытайда өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 сәуір

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 23 маусымда Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатынан алған ақпаратына сәйкес, 23-27 маусым аралығында Чунцинде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 12-інші кинофестивалі өтеді.

ШЫҰ-ның 2025 жылғы кинофестивалінің негізгі ұйымдастырушылары - Қытайдың Ұлттық кино басқармасы мен Чунцин қалалық халық үкіметі. Кинофестивальде ашылу және жабылу салтанаттары, фильмдерді марапаттау, кино ынтымақтастығы форумдары және басқа да іс-шаралар өтеді.

Биылғы кинофестивальге 12 марапат, оның ішінде «үздік фильм», «үздік режиссер», «үздік сценарист» және «үздік әртіс» номинациялары ұсынылатыны хабарланды.

Баспасөз мәслихатында биылғы кинофестивальдің логотипі, негізгі безендірілуі және трофей дизайны жарияланды. Оның барлығы дизайнның негізгі элементі ретінде Чунцин Хуашан камелиясын пайдаланады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото