- Барлық ақпарат
Ханьфу киіп, ежелгі Тан дәуіріне саяхат жасау: Еуразия тілшілері Лоянда ежелгі «Жібек жолын» сезінді
27 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 23 сәуірде Лояндағы Интяньмэнь мұнарасының алдында Тан дәуірінің Ханьфу киімін киген шетелдік қонақтар тобы ерекше көзге түсті. Олар Ресейден, Қазақстаннан, Өзбекстаннан және басқа 9 Еуразия елінен келген 12 шетелдік БАҚ тілшісі. «Тан дәуіріндегі Жібек жолының елшілері» ретінде уақыт пен кеңістік аттаған мәдени диалог жүргізді. Кең шапан мен үлкен жеңді киімдерді киіп, тілшілер Тан дәуірінің этикетін үйреніп, мыңдаған жылдар бұрын Жібек жолындағы керуеннің керемет көрінісін жаңғыртқандай әсер сыйлады.
Іс-шара барысында тілшілер камерамен Лоянның тарихи тартымдылығын естелікке алып қана қоймай, сонымен қатар Қытайдың дәстүрлі киім мәдениетін өз көздерімен көрді. «Бұл өте әдемі екен», - дейді Өзбек тілшісі Дильноз Муртазаева ханьфудың кестелерін сипап, «мұндай костюммен қойылым көру маған Қытай тарихы туралы ерекше шынайы сезім сыйлады», - дейді шетелдік БАҚ өкілі сөзін сабақтап. (Чжан Юэ, Лу Ян, Чжан Жун, Ван Юйхэн, Ян Цянь, Тянь И, Элена)
people.cn © People's Daily Online