- Барлық ақпарат
Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауылды су басу қаупі бар
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданындағы су тасқыны бойынша жағдайға қатысты соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарын су басу қаупі бар. Бүгінде елді мекендерге суды жібермеу мақсатында қорғаныс белдеуін күшейту жұмыстары атқарылып жатыр.
«Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып төселді», - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде барлығы 1087 адам және 126 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары қолға алынды. Қазіргі кезде тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды.
Сонымен қатар, Қызылжар ауданындағы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы жағдай жіті бақыланып отыр.
people.cn © People's Daily Online