- Барлық ақпарат
Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 сәуір
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Отаны онкоурология орталығының жетекшісі Хусан Умурзаков жасады. Дәрігер онкологиялық ауруы асқынған науқастың бір бүйрегін роботтың көмегімен кесіп алып тастады. Сондай-ақ ағзаны көбейіп кеткен лимфалық түйіндерден тазартты.
Операция кезінде заманауи Sage bot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық платформа алғаш рет қолданылды.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, осы отадан кейін Қазақстандағы онкохирургия дамудың жаңа әрі маңызды сатысына шығып отыр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online