Иранның Шахид Раджаи портында жарылыс болып, 28 адам қаза тапты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 сәуір

Иранның Шахид Раджаи портында жарылыс болып, 28 адам қаза тапты. Тағы 1139 адам жарақат алған. Хормозган провинциясының губернаторы Мохаммад Ашури үш күндік қаралы күн жариялады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Жарылыс 26 сәуірде болды. Дыбыс жарылыс болған жерден 26 шақырым жерде орналасқан Кешм аралында да естілді. Шахид Раджаи – транзиттік жүктердің көп бөлігі өтетін Иранның ең үлкен порты. Жарылыстан кейін ол жұмысын тоқтатты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото