Таиланд туристер үшін визасыз жүру мерзімін екі есе қысқартады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 сәуір

Таиланд премьер-министрі Фетонгтан Чинават шетелдіктер үшін визасыз режимнің мерзімін қайта қарап, оны 60 күннен 30 күнге дейін қысқартуды бұйырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тиісті ведомстволарға, оның ішінде Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Туризм және спорт министрлігіне жаңа схеманың тиімділігін, әсіресе рұқсат етілген болу ұзақтығы тұрғысынан оның туризмді дамыту мақсатына сәйкес келуін зерделеу тапсырылды.

Таиланд 2024 жылдың 15 шілдесінде корольдікке туристік мақсатпен келетін 93 ел мен аумақтан келген қонақтар үшін 60 күнге дейін визасыз режим енгізген болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото