- Барлық ақпарат
Әлемге билеп төстеуші емес, әділеттілік керек – АҚШ тарифтерінің гегемониялық логикасына түсініктеме
29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- АҚШ үкіметі «Өзара тең қарым-қатынас» деген атпен әлемнің 180-нен астам еліне тарифтер енгізді, оң солын ажыратпастан барлығын салық нысанына айналдырып, джунгли заңындағы зомегер қорқытушы кейпі әшкереленді. Бұл қадам жаһандану тенденциясына қайшы келеді және өзгеге де, өзіне де зиян тигізеді. Шынтуайтында көпжақты сауда тәртібін гегемониямен бұзу болып табылады.
Тарифтік шектеу алғаш рет ең осал елдерге әсер етті. Гаити мен Лесото сияқты кедей елдер біртұтас экономикалық құрылымына байланысты шамадан тыс салық ставкалары жағдайында күйреу алдында тұр, халықтың күнкөрісі қиындап кетті. АҚШ аталмыш «Әділ сауда» туын көтере жүріп, ДСҰ-ның кемсітпеу принципін аяққа таптады, бір жағынан дамушы елдерге көмек көрсетуді қысқартып, бір жағынан тарифтік қаруды қеңінен қолданды. Бұл «ақиқат үстемдіктің қолында» логикасы «өзара тең қарым-қатынас» принципіне қайшы келеді және көпжақты жүйені құлдырау шегіне итермелейді.
Гегемониялық мінез-құлық ақыр соңында өзін-өзі тығырыққа тірейді. Тарифтер импорттық тауарлардың бағасын көтерді, АҚШ-тағы инфляцияны күшейтеді, қарапайым отбасылардың жұмсалымын жылына 5000 АҚШ долларына арттырды; экономикалық стагфляция қаупі артып, АҚШ долларының сенімділігі құлдырады және активтер сатылды; 2 миллион жұмыс орнына қауіп төніп тұр, 12 штат заңды бұзғаны үшін үкіметті бірлесіп сотқа берді. Йель университетінің моделі тарифтік саясат АҚШ ЖІӨ-нің өсу қарқынын 2025 жылы 1,1 пайыздық тармаққа төмендеуіне әкеледі деп болжады.
Тарихи сабақа сүйенсек, 1930 жылғы «Смут-Хоули Тарифтік Заңы» жаһандық депрессияны тудырғанын, АҚШ бүгінде сол қателіктерді қайталап жатқанын көреміз.
Жаһандану дәуірінде әртүрлі елдердің экономикалары терең интеграцияланған, ал біржақтылық тек тізбекті апаттарды тудырады.
people.cn © People's Daily Online