- Барлық ақпарат
Алғашқы үш айда Қорғас портынан 179 000 тонна жеміс-жидек пен көкөніс экспортталды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 сәуір
29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Биылдан бастап Шыңжаңдағы Қорғас тасжолы портынан экспортталатын жемістер мен көкөністердің саны тез өсті. Цитрус, алма, алмұрт және басқа да жемістерге толы тоңазытқыш фургондар Қорғас тасжолы портында кедендік рәсімдеу процедураларын аяқтап, Қытай мен Қазақстан арасындағы ауылшаруашылық және қосалқы өнімдерді рәсімдеуге арналған «жасыл арна» арқылы елден шықты. Олар Қазақстанға, Өзбекстанға, Ресейге және басқа елдерге сатылады. Қорғас кеденінің статистикасына сәйкес, осы жылдың алғашқы үш айында Қорғас портынан 179 000 тонна жеміс-жидек пен көкөніс экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,2%-ға өсті.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online