- Барлық ақпарат
«АҚШ-тың орынсыз тарифтері» туралы екінші пікір: Әлем бөлінудің орнына ынтымақтасуы керек
30 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Даму - АҚШ-тың патенті емес, әлемнің барлық елінің жалпыға бірдей құқығы. Әлем алуан түрлі тұтастықтан тұрады. Әр елдің өзіндік тарихи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық негіздері бар, өзінің дамуы мен ілгерілеуіне ұмтылуға құқылы. Дамыған елдер де, дамушы елдер де жақсы дамуға қол жеткізу үшін құлшына еңбек етіп жатыр. Дамыған елдер басқа елдердің даму үдерісіне кедергі жасау үшін өздерінің артықшылықтарына сүйенудің орнына, дамушы елдерге олардың даму мүмкіндіктерін жақсартуға көмектесуге жауапты болуы керек.
Ашық ынтымақтастық - тарихтың беталысы, ал өзара тиімділік пен ортақ ұтыс жағдайын адамдардың бәрі қалайды. Бірнеше елдің даму құқығын монополиялауға немесе шектеуге бағытталған кез келген әрекет әділеттілікке, тарихқа қайшы келеді. Барған сайын өзара тығыз байланыста болып жатқан әлемдік экономика жағдайында, АҚШ тарифтерді бей-берекет қолдануы елдерді, әсіресе жаһандық Оңтүстік елдерін даму құқығынан айырумен тең. Бұл «әділ сауда» саясаты іс жүзінде жаһандық Оңтүстік елдерінің мойнындағы экономикалық ілмекке айналды.
«Ынтымақтасу, бөлінбеу» - бұл әлемдегі елдердің ортақ үні. Соңғы күндері көптеген ел АҚШ-ның «өзара тарифтік» саясатына қатысты қатаң ұстаным көрсетті. Франция, Ұлыбритания, Италия, Аустралия және басқа елдердің үкіметтері қарсылық білдірді. Перу, Қазақстан, Чад және басқа елдер АҚШ-тың «өзара тарифтерін» экономикалық тұрақсыз дамуға елеулі әсер еткені үшін қатты айыптады. Әсіресе, кейбір елдердегі мемлекеттік саяси тұлғалар да өзі пікірін білдірді. Сингапур Премьер-министрі Lawrence Wong АҚШ-ты еркін сауда туралы келісімді бұзғаны үшін сынға алды; Малайзия Премьер-министрі Anwar bin Ibrahim АСЕАН елдерін бірігуге және АҚШ-тың тарифтік саясатына төтеп беруге шақырды; Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишиба Жапония тарифтік келісімге қол жеткізу үшін АҚШ-қа көзсіз берілмейтінін атап өтті. АҚШ үкіметінің «шағын ауладағы биік қабырғасы» оның өзіне көлеңкесін түсіріп жатыр.
Әлемге бөліну мен текетірес емес, бірлік пен ынтымақтастық қажет. 23 сәуірде Қытайда Arria Қауіпсіздік Кеңесінің «Біржақтылық пен зомекерліктің халықаралық қатынастарға әсері» тақырыбындағы модельдік отырысы өтті. Оған 80-нен астам елдің өкілдері, оның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатысты. Қытай біржақты зомагерлікке қарсы әділ дауыс берді және қатысушы елдердің көпшілігі көпжақтылықты сақтауға, диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.
Әлем Америка Құрама Штаттарындағы былықпалық үшін өзінің тұрақтылығын құрбан етпейді, өз мүддесіне нұқсан келтіре отырып «АҚШ бәрінен бұрын» ұранын қабылдай да алмайды. Бүгінгі әлем әділетті және теңдестірілген жаһандық модельге көшетіні сөзсіз.
people.cn © People's Daily Online