Қазақстанда ет өндірісі артып келеді: саладағы соңғы көрсеткіштер

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 мамыр

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетуде, деп хабарлайды aqtobegazeti.kz. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, барлық түрдегі еттің сойыс салмағындағы өндіріс көлемі шамамен 1,2 млн тоннаны құрап, 4,3%-ға артты. Соның ішінде ірі қара мен ұсақ малды өңдеу көлемі 270 мың тоннаға жетіп, 2023 жылмен (230 мың тонна) салыстырғанда 17%-ға ұлғайды.

Жаңа және салқындатылған ет өндірісі 5%-ға өсіп, 79,9 мың тоннадан 83,8 мың тоннаға жетті. Шұжық өнімдері өндірісі 5,2%-ға артып, 68,4 мың тоннадан 71,9 мың тоннаға дейін көбейді. Ет консервілері өндірісі 4,9%-ға өсіп, 5,9 мың тоннадан 6,2 мың тоннаға жетті.

2025 жылы да бұл өсім жалғасуда. Жылдың алғашқы үш айында: барлық түрдегі ет өндірісі — 2,8%-ға, қосалқы өнімдер — 20%-ға, шұжық өнімдері — 12,6%-ға, ет консервілері — 34,6%-ға артты.

Ет өнімдері экспорты да айтарлықтай өсті. 2024 жылы: 22,1 мың тонна сиыр еті, 17,5 мың тонна қой еті экспортталды.

2025 жылдың алғашқы екі айында: сиыр және қой етінің экспорты — 2 есеге, шұжық өнімдерінің экспорты — 2,7%-ға, ет консервілерінің экспорты — 3,6 есеге артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото