Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинь "Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыповпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 мамыр

Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинь "Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыповпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң серпін байқалатыны айтылды.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, "Самұрық-Қазына" Қытайдың жетекші компанияларымен белсенді және табысты жұмыс істеп келеді. Ол қытайлық серіктестерді 29-30 мамыр күндері өтетін Астана халықаралық форумына (AIF) қатысуға шақырды.

Өткен жылы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 құжатқа қол қойылды.

Кеңестің кезекті отырысын ШЫҰ аясында Қытайда өткізу жоспарлануда. Бұл кеңес 10 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото