- Барлық ақпарат
Қытай-Орталық Азия Білім министрлерінің бірінші жиналысы өтті
13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 12 мамыр күні Қытай-Орталық Азия Білім министрлерінің бірінші жиналысы Үрімжіде өтті. Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі және Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы ҚКП комитетінің хатшысы Ма Синжуй құттықтау сөз сөйлеп, Қытай Білім министрі Хуай Цзиньпэн негізгі баяндама жасады.
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Догдуркул Кендірбаева, Тәжікстанның Білім және ғылым министрі Рахим Саидзода, Түркіменстанның Білім министрі Джумамырат Гурбангелдиев , Өзбекстанның Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қоңыратбай Шәріпов кезек-кезегімен сөз сөйледі.
Отырыста «Қытай-Орталық Азия Білім министрлері жиналысы механизмінің жұмыс жарғысы» және «Қытай-Орталық Азия Білім министрлерінің бірінші жиналысының Үрімжі декларациясы» қабылданды.
Кездесуде Қытай-Орталық Азия өнеркәсіп-білім интеграциясы альянсы мен Жаһандық мұғалімдерді дамыту институтының Орталық Азия институтының салтанатты ашылуы өтіп, Қытай-Қазақстан үздік инженерлер колледжін құруға қол қойылды.
Астана Халықаралық медициналық орталығы, Жібек жолы экономикалық белдеуі су ресурстарын тиімді пайдалану және өзендер мен көлдердің экологиясын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен зертханасы, Жібек жолы экономикалық белдеуі өсімдік биологиялық селекциясы саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен зертханасы және Қытай-Орталық Азия энергетикалық және электр қуаты инновациялар альянсы бірге ашылды.
Тиісті қытайлық және шетелдік университеттер де ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды.
people.cn © People's Daily Online