- Барлық ақпарат
Женевадағы Қытай-АҚШ Экономикалық сауда келіссөзінің бірлескен мәлімдемесі жарияланды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 мамыр
13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 12 мамырда «Қытай-АҚШ Женева Экономикалық сауда келіссөзінің бірлескен мәлімдемесі» жарияланды. Бұл туралы ҚХР Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады. Қытай мен АҚШ-тың жоғары деңгейдегі экономикалық және сауда келіссөзі айтарлықтай прогреске қол жеткізді және екіжақты тарифтердің деңгейін айтарлықтай төмендетті. Америка тарапы 91%-дық қосымша тарифті кемітті, Қытай сәйкесінше қарсы тарифтердің 91%-ын алып тастады. АҚШ тарапы «өзара тарифтерді» уақытша 24% деңгейінде сақтауға, Қытай да сәйкесінше қарсы тарифтерді уақытша 24% бойынша енгізуге тоқтады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online