- Барлық ақпарат
Шанхайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің шекаралас аймақтарындағы Төтенше жағдайларды жою департаменті басшыларының сегізінші кездесуі өтті
14 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 13 мамыр күні Төтенше жағдайлар министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің шекаралас аудандарындағы Төтенше жағдайларды жою департаменті басшыларының сегізінші кездесуі және Қытай-Орталық Азия Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі шекара ынтымақтастығы мен алмасу іс-шаралары Шанхайда 11-13 мамыр аралығында өтті. Кездесуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Төтенше жағдайлар туралы ақпарат алмасу жүйесі мен Қытай-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Медициналық-құтқару ынтымақтастық орталығы құрылысының барысы талқыланып, байланыс механизмі мен ақпарат алмасу арналары нақтыланды.
Кездесуге Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және басқа да елдердің Төтенше жағдайларды жою департаменті басшылары онлайн және офлайн режимінде қатысты.
people.cn © People's Daily Online