Елорда әуежайын одан әрі дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартылады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 мамыр

ҚР Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited компаниясы (Terminals holding құрамына кіреді, БАӘ) әуежайды және оған іргелес аумақты кешенді дамытуға бағытталған инвестициялық келісім жасасты. Инвестицияның жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Келісім аясында инвестор екінші ұшу-қону жолағын, үшінші жолаушылар терминалын, сондай-ақ жүктерге арналған cargo терминалын салады.

Сондай-ақ, инвестор индустриялық - логистикалық аймағы мен қонақ үйлері, сауда алаңдары, логистикалық терминалдары бар бизнес-кластерді қамтитын көпфункционалды аэротрополис кешешін дамытуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, арнайы техника паркін жаңарту, цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелерін енгізу, әуежай қызметкерлерін кезең-кезеңімен оқытып, біліктілікті арттыру жұмыстары жоспарланды. Қызметкерлер халықаралық авиациялық талаптарға сәйкес арнайы тренингтерден өтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото