Қазақстанда жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 116,2 мың адамға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 мамыр

2025 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлады Sputnik.

Оның ішінде 7 141 мың адам жалдамалы қызметкер болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2 142,5 мың адам. 2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 116,2 мың адамға өсті, өсім негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен болып отыр.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,4%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды.

Жас құрамы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі 35-44 жас аралығында, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 28%. Жұмыспен қамтылғандардың тағы 40% 29-34 және 45-54 жас санаттарындағы жұмысшылар.

Өңірлер бөлінісінде жалдамалы қызметкерлер саны Алматы қаласында ең көп – 985,8 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер бойынша – Түркістан және Алматы облыстары, тиісінше 378,2 мың және 233,7 мың адамнан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото