- Барлық ақпарат
Астанада халықаралық робототехника чемпионатына 134 команда қатысып жатыр
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 мамыр
2025 жылғы 13 мамырда Астана қаласында «Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионаты басталды, деп хабарлайды KAZINFOM.
Бұл дода Қазақстан мен әлемдегі жасөспірімдерге арналған ең ірі робототехника жарыстарының бірі ретінде танылып отыр.
Іс-шараға Қазақстанның 17 өңірінен және АҚШ, Болгария, Әзербайжан, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты елдерден 25-тен астам шетелдік делегация қатысты.
Жалпы алғанда, жарысқа 134 команда құрамында 9 бен 17 жас аралығындағы 350-ден астам мектеп оқушысы (оның ішінде 40-қа жуық шетелдік қатысушы) қатысып, 270-тен астам робот жеті түрлі санат бойынша бақ сынап жатыр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online