Шыңжаңда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Білім министрлерінің 9-ыншы кездесуі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 мамыр

14 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 13 мамырда Шыңжаңның Үрімжі қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Білім министрлерінің 9-ыншы кездесуі өтті.

Кездесуде «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеттерінің үйлестіру комитетінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі екінші отырысының хаттамасы», «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университетінің цифрлық білім беруді дамыту жоспары», «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім министрлерінің 9-ыншы кездесуіндегі Үрімжі бастамасы», «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім министрлерінің 9-ыншы кездесуінің бірлескен коммюникесі» талқыланып, қабылданды. Сондай-ақ Беларусь Республикасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Білім министрлерінің 10-ыншы кездесуін өткізуге келісті.

Сонымен қатар кездесуде «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Білім министрлерінің 9-ыншы кездесуінің хаттамасына» қол қойылып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің цифрлық білім беру альянсы мен Қытай-ШЫҰ докторанттарды даярлаудың инновациялық орталығының құрылуы салтанатты түрде ашылды.

Кездесуді Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі ұйымдастырды. Кездесуге Қытай, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа елдердің өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ хатшылығының өкілдері қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото