- Барлық ақпарат
Қытай мен Өзбекстан арасында 1 маусымнан бастап визасыз режиім енеді
15 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің 14 мамыр күнгі ақпаратына сәйкес, «Қытай Халық Республикасы үкіметі мен Өзбекстан Республикасы үкіметі арасындағы өзара визадан босату туралы келісім» 2025 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді.
Келісімге сәйкес, жарамды қытайлық ресми, ресми қарапайым және қарапайым төлқұжаттары бар, сондай-ақ Өзбекстанның қарапайым төлқұжатына ие тұлғалар екінші тарапқа 30 күн мерзімге кіріп-шығу немесе транзитпен өтуді іске асыра алады. Әрбір 180 күн сайын тұрған уақыты 90 күннен аспаған жағдайда визаға өтініш берудің қажеті жоқ. Егер сізге екінші уағдаласушы тараптың аумағында 30 күннен артық бір реттік болу немесе сол тараптың аумағында тұру, жұмысқа, оқуға, ақпараттық жұмыстармен шұғылдану және басқа да шараларға қатысу үшін сапарлау қажет болса, уағдаласушы тараптың құзыретті бөлімі алдын ала мақұлдауы керек. Содан кейін аталмыш елге кірер алдында тиісті виза алуға өтініш беріледі.
people.cn © People's Daily Online