Қазақстанда ҰБТ күндері өзгерді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 мамыр

Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) күндерінің өзгергенін жариялады. Бұл өзгеріс мектептердегі соңғы қоңырау күніне байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті талапкерлер! 23 және 24 мамырда ҰБТ тапсыруға тіркелгендер үшін тестілеу күндері өзгертілді», - делінген ресми мәлімдемеде.

Ұлттық тестілеу орталығы жаңа тестілеу күні туралы ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетінде автоматты түрде жаңартылатынын, сондай-ақ SMS хабарлама арқылы қосымша ескертілетінін мәлімдеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото