Моңғолия мен Қытай арасындағы екінші теміржолдың құрылысы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 мамыр

Қытай мен Моңғолия арасындағы екінші трансшекаралық теміржол желісінің құрылысы 14 мамырда басталды.

Қытай мен Моңғолия арасындағы екінші теміржолдың қазығын қағу рәсімі сәрсенбі күні Ішкі Моңғолия автономиялық аймағының Баяннуур қаласына қарасты Ганцимодо шекаралық өткелінде өтті.

Бұл – 1956 жылы Эрээнход – Замынүүд теміржолы іске қосылғаннан бері, 70 жылға таяу уақыттан кейін, Қытай мен Моңғолия арасында салына бастаған екінші трансшекаралық теміржол желісі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото