Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік экспорттаушылары қатарына енді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 мамыр

Қазақстан майлы өнімдердің әлемдік нарығында өз позициясын нығайтып жатыр. Соңғы үш жылда Қазақстанда күнбағыс майының өндірісі 2,5 есе, экспорт 4,8 есе өсті. Ал оралған майдың импорты 11% қысқарды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Қазақстан алғаш рет 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8-ші орынға ие болып, әлемдегі ең ірі 10 күнбағыс майын экспорттаушылардың қатарына енді. Сондай-ақ Қазақстан Еуропалық Одаққа күнбағыс өнімін жетекші жеткізушілердің үштігіне кірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото