- Барлық ақпарат
Онлайн халық газетінің 2025 «Дамып жатқан Қытай» зерттеу сапары басталды
16 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 14 мамырда онлайн «Халық Газетінің» 2025 жылғы «Дамып жатқан Қытай» атты ауқымды медиалық зерттеу сапары Ляонин өлкесінің Шэньян қаласында және Аньхой өлкесінің Хэфэй қалаларында басталды. Мақсат - Қытайдың жоғары сапалы даму жолын зерттеу.
Солтүстік шығыс аумақ - жаңа Қытайдың өнеркәсіптік бесігі. Мұндағы дәстүрлі салалар жоғары деңгейлі, интеллектуалды және экологиялық таза салаларға айналып келеді.
Солтүстік шығыс Фармацевтика компаниясының №102 филиалының шағын қуаттылықтағы өндірістік желісінде ампулалар қатары толығымен автоматты интеллектуалды өндіріс желісінде қозғалады. Операторлар азайып, өндірістік қуаттылық пен тиімділік 30%-дан астамға өсті.
Шэньяндағы BMW Brilliance Lida зауытының директоры Чжан Таоның айтынша, бұл BMW-ның жаһандық «эталондық зауыты» 100% жасыл электр энергиясын және өнеркәсіптік суды 100% қайта пайдаланатынын айтты.
Хэфэй қаласындағы жоғары технологиялық аумақ Юнфэй жолы - «Кванттық даңғыл» деген атымен алыс-жақынға әйгілі. Мұнда кванттық есептеулердің, коммуникациялардың және өлшеулердің үш негізгі саласын қамтитын 30-дан астам жетекші кванттық технологиялық компания жиналып, елдегі ең тығыз кванттық өнеркәсіп экожүйесін құрайды.
Хэфэй елдегі кванттық технологиялар кәсіпорындарының үштен біріне жуығын жинақтаған, қаланың кванттық өнеркәсіптік тізбегінде 70-тен астам кәсіпорын бар, бүкіл ел бойынша бірінші орында.
people.cn © People's Daily Online