- Барлық ақпарат
Үрімжіде Орталық Азия мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы ашылды
16 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаң педогогикалық университетінде(Xinjiang Normal University)Орталық Азия елдерінің оқытушыларына арналған оқу курсы ашылды.
Бұл курс Жаһандық мұғалімдерді дамыту институтының Орталық Азия филиалы құрылғаннан кейінгі алғашқы іс-шара болып табылады. Курс Қытай-Орталық Азия Білім министрлерінің бірінші отырысында ашылады деп жарияланды. Бұл курс білім алушылардың жасанды интеллект технологиясын түсінуі мен қолдануын жақсартуға, цифрлық интеллект технологиясы және білім беру мен оқытудың терең интеграциясына ықпал етуге бағытталған.
Шараға Орталық Азия елдерінен 30 педагог қатысты.
Сол күні Бейжің педогогикалық университетінің профессоры Сон Цзихуа қатысушыларға «AI дәуірі және халықаралық білім беру мен оқыту» тақырыбында алғашқы дәрісін оқыды.
people.cn © People's Daily Online