2025 жылғы «Қытай тілі көпірінің» Қазақстандағы финалы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 мамыр

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 16 мамыр күні Қытайдың Қазақстандағы Елшілігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Конфуций институтының ұйымдастыруымен Еуразия университетінде 2025 жылғы «Қытай тілі көпірінің» дүниежүзілік жоғары, орта мектеп білім алушыларына арналған байқауы және бастауыш сынып оқушыларына арналған қытай тілі шоуы қазақстандық бөлімінің финалы өтті.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 45 жоғары, орта және бастауыш мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараға Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинь мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің вице-президенті Д.Айтмағамбетов қатысып, сөз сөйледі.

Байқау алаңында шабандоздар Қытай елі туралы сұрақтарға жауап беру, негізгі баяндамалар, өз таланттары бойынша өнер көрсету және әр тарапты сауалдарға жауап беру сынды сараптауларға қатысып, сүрінбей өтті. 

Қызу бәсекеден кейін әр топ 1 бірінші жүлдені, 2 екінші жүлдені, 3 үшінші жүлдені және бірқатар үздік марапаттарды, сондай-ақ «Үздік жетекші» және «Үздік ұйым» марапаттарын саралап шықты. Жоғары, орта және бастауыш мектеп топтарының чемпиондары алдағы уақытта Қазақстан атынан 2025 жылғы «Қытай тілі көпірі» байқауының соңғы финалына қатысу үшін Қытайға келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото