Қытай Қазақстандағы екінші ірі туристер көзіне айналды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 мамыр

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Гуанчжоуда «2025 жылғы Қазақстандның туризм басқармасының Қытайдағы роуд-шоуы» өтті. Роуд-шоуға Қазақстанның негізгі туристік қалаларының өкілдері, әуекомпаниялар, қытайлық туристік компаниялар мен сала қонақтары қатысты. Салалық диалог, ресурстарды көрсету және терең келіссөздер арқылы ол ежелгі Жібек жолы елдеріндегі мәдени туризмнің жаңа стилін толығымен таныстырды. Сонымен бірге Қытай-Қазақстан туристік ынтымақтастығына күшті серпін берді. Іс-шараны Қазақстанның Туризм басқармасы мен Airastana бірге ұйымдастырды.

Қазақстан Туризм басқармасы өкілінің таныстыруына сәйкес, Қытай Қазақстандағы туристердің екінші үлкен көзіне айналды. Бұларды дерекпен айтар болсақ, 2024 жылы Қазақстанға 655 000-нан астам қытайлық турист барып, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға өсті. Қонақүйлерде тұратын қытайлық туристердің саны да 173 000-нан астамға дейін өсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66%-ға жоғарылады.

2025 жылы Қазақстан көп өлшемді саясат инновациялары арқылы трансшекаралық туризм нарығының әлеуетін толық іске асырып, қытайлық туристер үшін үш негізгі бастаманы іске қосады, соның ішінде:

Саясат деңгейінде визадан өзара босату саясаты тұрақты жүргізіліп, Қытай мен Қазақстан азаматтары 30 күн бойы визасыз жүре алады.

Қызмет көрсетуді жеңілдету деңгейінде Қазақстанның бүкіл аумағы WeChat төлем жүйесіне қосылды және әуе дәлізін кемелдендіреді. Гуанчжоу және Чэнду сияқты стратегиялық маңызды қалаларға тікелей рейстер қосылды. Бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы рейстердің санын жыл сайын 40%-ға арттырды.

Сонымен қатар, Наурыз мерекесі, халықаралық ат үсті ойындары сынды брендтік жобалар арқылы жыл бойына 50-ден астам мәдени және туристік фестивальдар, өнер көрмелері және халықтық тәжірибе іс-шаралары жоспарланып, жүзеге асырылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото