- Барлық ақпарат
Қазақстан мен Қытай «Нұр Жолы» бекетінің өткізу қабілетін арттырады
Қазақстан мен Қытай көлік министрлері бірлесе «Нұр Жолы» Қазақстан-Қытай автокөлік өткізу бекетіне барып, оның жұмысымен танысты деп жазды KAZINFORM.
Шекара маңындағы инфрақұрылымды дамыту — жүк тасымалы көлемін одан әрі арттырудағы басым міндеттердің бірі.
— Министрлер өткізу бекетінде жүк көліктері жүргізушілерімен сөйлесіп, түйткілді мәселелерді талқылап, бекеттің өткізу қабілетін одан әрі арттыру аясында келісімге келді. Көлік ведомстволарының басшылары транзиттің үздіксіз өтуі үшін әкімшілік кедергілерді жою, шекаралық инфрақұрылымның әлеуетін арттыру, цифрландыруды дамыту сияқты бірқатар мәселені қолға алады, — делінген хабарламада.
Марат Қарабаев пен Лю Вэй екі министрліктің өкілдерінен тұратын арнайы тұрақты жұмыс тобын құруға келісті. Министрлердің қатысуымен болатын келесі келіссөз кезеңі бір айдан соң өтеді.
people.cn © People's Daily Online