- Барлық ақпарат
Шаньси мен Өзбекстан бірлескен Археологиялық орталық пен Мәдени мұраны қорғау және қалпына келтіру зертханасын құрды
19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 15 мамыр күні Шаньси өлкесінің Археология институтынан алған мәліметіне сәйкес, Шаньси мұражайы мен Өзбекстанның Ферғана ұлттық университетінің ортақ ұйымдастырумен «Юй Хун дәуірі-1400 жыл бұрынғы мәдени симфония» цифрлық медиа көрмесі ашылды. Сонымен бірге Ферғана ұлттық университетінің Тарих иститутында «Ферғана-Шаньси Археологиялық зерттеу орталығы» мен «Мәдени мұраны қорғау және қалпына келтіру зертханасы» құрылды.
2000 жылдан астам уақыт бұрын «Жібек жолының» ашылуы Қытай мен Батыс арасындағы экономикалық және мәдени алмасулар үшін көпір салды. 1400 жыл бұрын Юй Хун бастаған Орта Азиялық соғдылықтар Қытайға келіп, Цзиньянда (Тайюань) тамыр тартты. Юй Хун қабірінің ашылуы XX ғасырдың аяғында Шығыс пен Батыс арасындағы барыс-келіс пен мәдени алмасулардың сән-салтанатын ашатын маңызды археологиялық жаңалық болып табылады.
Юй Хунның қабірі - бұл ғылыми түрде қазылған, нақты хронологиясы бар, Орталық Азияның толық және бай кескін деректері сақталған қабір. Кейіпкерлердің ақ мәрмәр қабірдегі оюланған суреттердегі костюмдер, ыдыс-аяқтар, музыкалық аспаптар, би түрлері, гүлдер мен ағаштар Парсы және Орталық Азия елдеріне негізделген. Бұл Қытайда табылған Орталық Азияның ежелгі елдері мен батыс-шығыс мәдени алмасуын көрсететін ең шоғырлы, ең бай және ең құнды материал.
people.cn © People's Daily Online