Бейжіңнен Минскіге қатынайтын Қытай-Еуропа пойызы ресми түрде іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 мамыр

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 15 мамырда автокөлік бөлшектері тиелген Қытай-Еуропа пойызы Қытай теміржолы Бейжің бюросының Бейжің Теміржол логистикалық орталығындағы Люхэ бөлімшесінен жолға шықты. Баратын жері Беларусь астанасы Минск қаласы. Бұл Бейжіңнен Минскіге қатынайтын Қытай-Еуропа пойызының ресми түрде іске қосылғанын білдіреді, сондай-ақ Бейжің мен оның айналасындағы аудандар мен Еуропа арасындағы сауда үшін жаңа логистикалық арна ашылғанын көрсетеді.

Хабарламаларға сәйкес, Қытай-Еуропа пойызы Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй аймағынан жиналған шамамен 293 тонна жүкті 40 футтық 55 контейнерге тиеп, Эрээнход порты арқылы елден аттанды. Ол Беларусь астанасы Минскіге шамамен 15 күннен кейін жетеді деп күтіліп отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото