Мәдени тамырымызды тереңге жалғаған мың жылдық грототалар

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 мамыр

21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Ежелгі Лоян қаласының оңтүстігінде, сарқыраған Ишуй өзенінің жағасында Лунмэнь грототалары мыңдаған жылдар бойы қасқайып тұр. Мұнда 2345 үңгір(шағын тас бөлме), 110 000-нан астам тастан қашалған мүсіндер және 2800-ден астам тасқа қашалған арнау жазулары бар. Өмірдің ыстық-суығы жағалаудағы екі тауға қашалып жазылған. Бұл әлемдік мәдени мұра бағында шығыстың дара сұлулығын бейнелейді.

19 мамыр түстен кейін Бас хатшы Си Цзиньпин Лунмэнь грототасына барып, жергілікті орынның тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кәдеге жаратуды күшейту және мәдени туризм индустриясының жоғары сапалы дамуына жәрдемдесу жағдайымен танысты. «Өз асылдарыңызды өзіңіз танып, өзіңіз бағалауыңыз керек.»

Лунмэнь грототаларынан белгілі тарихи және мәдени қала Лоянға дейін, бір ұлттың рухани мінезі мен болмысын сезінуге болады. Мәдениет, өркениет пен рухани жалғастық — насихатталған сайын биіктей түседі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото