Жылдың жақсы мезгілі - Сяомань

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 мамыр

21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Сәлем! Мен саяхаттағанды жақсы көретін Сисимін! Бүгін - Сяомань, жаздың екінші амал мезгілі. Менімен бірге жаздың жарқын атмосферасын сезіну үшін «Орталық жазықтардың астық қоймасы» Хэнань өлкесінің Наньян қаласына жүріңіз.

«Сяомань келді, бидай дәндері толысты». Осы уақытта еліміздің солтүстік аймақтарында бидай сияқты жазда пісетін дақылдардың дәндері толыға бастайды, бірақ олар әлі толық піспеген, сондықтан оларды «Сяомань» (кіші толысу) деп атайды. Оңтүстік өлкелер Сяоман мезгілінде жаңбырға толы болады, жазғы күріш жиналып, қоймаға тасымалданады.

Сяоманьға кіргеннен кейін температура мен ылғал жоғарылап, адамдар мазасыздыққа бейім болады. Адамдар өздерінің көңіл-күйлерін жаттығулар арқылы реттейді, серуендеу, жүгіру және Тай-Чи жаттығулары жазғы әдетке айналады.

Сяомань - жібек өнеркәсібіндегі маңызды кезең. Ежелгі адамдар жібек құрты әулиесінің қолдауы жібек құртының аурулары мен апаттарынан сақтайды деп сенген. Сондықтан жібек құрты фермерлері Сяомань кезінде жібек құрты әулиесіне табынатын болған. Ертеде талғампаз жібек бұйымдар Жібек Жолы арқылы шетелге экспортталатын. Бүгінгі таңда Қытай жібегі әлі күнге дейін әлемге Қытай-Еуропа пойыздары мен сауда кемелері арқылы тасымалданады.

«Бидай құлақтана бастайды, тұт жапырақтары толысып, жібек құртына қорек болады». Нәзіктер қатайып, тіршілік қуаттанады. Үмітке толы осы шуақты мерзімде мен сізге кемелді өмір тілеймін.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото