Такламакан шөлінің раушандары гүлдеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 мамыр

22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Такламакан шөлінде 100 000 раушан гүлдеді. Бұл раушан алқабы былтыр Шыңжаңның Керия ауданы Такламакан шөлі маңайына тосқауыл жасыл желек отырғызудың соңғы күндерінде егілген болатын.

Шөл далада раушан отырғызудың эстетикалық құндылығымен қатар ғылыми негізі де бар. Керияның шөл даладағы раушаны тығыз, оның өсу мерзімі мен қалың жапырақтары құмды боранды тиімді тізгіндейді. Бұл шөлдің экологиялық жағдайын жақсартуға пайдалы.

Алайда шөлде раушан өсіру оңай шаруа емес. Бұл аймақта жауын-шашын аз, су көздері тапшы, құмды боран жиі соғатындықтан отырғызған көшеттерді кейде құм көміп қалатын жағдай кездеседі. Бір кездері қатты құмды бораннан раушан көшеттерінің үштен бір бөлігі толығымен көміліп қалған. Осы қиындықтарға қарамастан, ғалымдар қайта-қайта сынақ жүргізіп, әдістерін жетілдірді, ал жергілікті тұрғындар қатал табиғатқа мойымай, ақырында раушан гүлдерін осы экстремалды ортада тамыр жайғыза алды.

Такламакан шөлі - Қытайдағы ең үлкен және әлемдегі екінші жылжымалы шөл. Деректерге сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай Такламакан шөлінде 505 200 му шөп алаңдары егіліп, барлығы 17,2548 миллион му жасанды орман өсіру жұмыстары жүргізіліп, 2 миллиард түп ағаш егілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото