- Барлық ақпарат
Қытайдың CRRC-інің Қазақстанға экспорттайтын стандартты жаңа энергетикалық локомотивтері дайын болды
22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 20 мамыр күні Қытайдың CRRC мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа жобасы болып табылатын CKD6H локомотиві CRRC Ziyang Locomotive компаниясының өндірістік желісінен ресми түрде шығарылды. Ол маусым айында Қазақстанға жеткізіледі.
CKD6H локомотиві Қытайдың CRRC серияландыру стандартты жаңа энергетикалық локомотив платформасында құрастырылған. Ол Орталық Азиядағы өте суық ауа райына бейімделіп жасалған. Көліктерде цифрландыруды, интеллектті және ортаға залалсыздандыруды біріктіретін «іштен жанатын қозғалтқыш + қуат батареясының» гибридті қуатын қолданған.
Оның интеллектуалды энергияны басқару жүйесі дәстүрлі тепловоздармен салыстырғанда отынды 45%-дан астам үнемдеуге, шуды 80%-ға азайтуға және ластаушы заттардың шығарындыларын айтарлықтай азайтуға қол жеткізе алады. Бір локомотив көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 240 тоннаға азайта алып, оның экологияны қорғау тиімділігін көрнектілендіреді.
people.cn © People's Daily Online