Орталық Азиядағы алғашқы қытайтану орталығы Өзбекстанда ашылатын болды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 мамыр

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылдың 17 мамырында Бейжіңде Өзбекстанның Ренессанс білім беру университетінің ректоры Нусратилла Баракаев пен «Бір белдеу, бір жол» Қытайтану халықаралық коммуникациялық зерттеулер тобының атқарушы директоры Чжан Цзянь ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сөйтіп, Орталық Азиядағы алғашқы қытайтану орталығы Өзбекстанда ашылатын болды.

Келісімшартқа қол қоюға сәйкес, Өзбекстанда қытайтану орталығын ашу жоспарланып отыр. Оның жұмыс мазмұнына Өзбекстанның Ренессанс білім беру университетінің қытайтану және Халықаралық білім беру институты арқылы Өзбекстанға арналған ұлттық қытай тілі оқулықтарын құрастыру, білікті қытай мұғалімдерін даярлау, сонымен бірге, қытай білімі, қытай мәдениеті, дәстүрлі қытай медицинасы ұстаздары сынды сабақтар ашуды жоспарлап отыр.

Екі тарап Өзбекстандағы көптеген қытайлық компаниялармен бірлесіп, жергілікті аға техникалық кадрлардың тапшылығына қарай арнаулы мамандарды даярлап, Өзбекстандағы қытайлық кәсіпорындар мен Өзбекстан қоғамының дамуы үшін үлес қосады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото