- Барлық ақпарат
Қазақстан ШЫҰ аясында спорттық ынтымақтастықты нығайтады
Қытайдың Харбин қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спортты дамытуға жауапты министрліктері мен ведомстволары басшыларының кеңесі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты деп жазды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.
Кездесу барысында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тәжірибе алмасу және ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы мемлекетаралық өзара ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Ербол Мырзабосынов бүгінде спорт саламатты қоғамды қалыптастыруда ғана емес, халықтар арасындағы дипломатиялық және мәдени байланыстарды дамытуда да аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ербол Мырзабосынов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің делегацияларын 2026 жылы жазда Астанада өтетін «Болашақтың ойындары» дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнирге қатысуға шақырды.
people.cn © People's Daily Online