- Барлық ақпарат
Илон Маск Tesla-ның маусым айында робототакси қызметін іске қосу жоспарын растады
Илон Маск Tesla робототакси қызметі маусым айының соңында Остинде (Техас штаты) 10 көліктен басталатынын және ұшырылым сәтті әрі оқыс оқиғасыз өтетін болса тез арада мыңдаған көлікке кеңейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.
— Біз үшін аз мөлшерден бастап, бәрі жақсы екеніне көз жеткізіп, содан кейін ауқымды кеңейту орынды, — деп хабарлады Илон Маск.
Сейсенбіде Остинде CNBC-ге берген сұхбатында Маск Tesla өзінің робототаксиін Остиндегі жоспарланған дебюттен кейін Лос-Анджелес пен Сан-Францискоға әкелуге ниетті екенін хабарлады.
2016 жылдан бастап Маск Tesla-ның инвесторлары, тұтынушылары және жанкүйерлеріне компания жолаушыларды адамның араласуынсыз қауіпсіз тасымалдауға қабілетті өздігінен жүретін көлік ұсынатынына уәде берді.
Tesla ең алдымен оның робототаксиі «FSD Unsupervised» (толық автономды жүргізу) болашақ нұсқасымен жабдықталған «Model Y» көліктері болатынын мәлімдеді.
people.cn © People's Daily Online