ШЫҰ елдерінің өнер және жастар әні фестивалінде Қазақстан әншілері өнер көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 шілде

Қытайдың Циндао қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 22 кеңесі аясында өнер және жастар әні фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті деп жазды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Іс-шараның мақсаты – Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, ұлттық дәстүрлерді насихаттау және ШЫҰ елдері арасындағы достықты нығайту.

Фестивальде Қазақстан атынан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Садраддин Болат пен Рухия Байдүкенова қатысты.

Ашылу рәсімі жастар ән кеші форматында өтіп, ШЫҰ елдерінің мәдени әралуандығын айшықтады. Сахнада әртістер поп, джаз, опера және аспаптық музыка жанрлары бойынша өнер көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото