Тяньцзинь порты заманауи порттың жаңа үлгісін салды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 шілде

9 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньцзинь порты - еліміздің маңызды стратегиялық ресурсы. Ол сыртқы және ішкі қызмет көрсету әлеуеті мықты порт. 2024 жылы Тяньцзинь порты 579 миллион тонна жүк өткізіп, 23,29 миллион TEU контейнерлерді жөнелтіп, қабылдады. Сәйкесінше әлемдік портта 10-ыншы және 8-орындарды иеледі.

Тяньцзинь портында 147 контейнерлік маршрут бар, ол айына 550-ден астам рейсті орындап, әлемнің 180-інен астам елдері мен аймақтарындағы 500-ден астам порттармен сауда барыс-келісін сақтап келеді. Бұл «Бір белдеу, бір жолдың» құрлық пен теңіздегі түйілісі, жаңа Азия-Еуропа құрлық көпірі экономикалық дәлізінің маңызды торабы және сыртқы әлемге толықтай ашық халықаралық хаб порты.

3 шілдеде газетіміздің тілшілер тобы Тяньцзинь портының екінші контейнерлік терминалына барып, Тяньцзинь портының автоматтандырылған жұмыс аймағында жүргізушісіз интеллектуалды көлік роботтары қайшалысып, автоматтандырылған жағалау көпірлері мен далалық көпірлер контейнерлерді көтеріп тиеу жұмыстарын дәл және тиімді орындап жатқанына куә болды. Шетелдік сарапшы Елена порт техникасының тренажерын өз көзімен көріп, Тяньцзинь портының интеллектуалды дамуын жақыннан сезінді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото