32-інші Универсиадаға баратын Қытай делегациясы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 шілде

9 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңде 8 шілде күні 32-інші Дүниежүзілік университеттік жазғы ойындарға баратын Қытай студенттері спорт делегациясының аттану рәсімі өтті. Делегация Германиядағы додаға қатысу үшін 120-ға жуық спортшыдан жасақталды.

Универсиада 16-27 шілде аралығында Германияның Берлин, Дуйсбург және Эссен сынды алты қаласында өтеді. Бұл жолы 18 ірі жарысқа 8500 спортшы қатысып, бақ сынайды деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото