Қазақстандық ойыншы Азия рекордын жаңартып, Астанадағы турнирде жеңіс тұғырына көтерілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 шілде

Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды деп жазды Kazinform.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дениске тең келер ешкім болмады.

Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото