Шаньси алғашқы Транскаспий теміржол мен теңіз интермодальдық Қытай-Еуропа пойызын іске қосты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 шілде

10 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 9 шілдеде 1 159 тонна фотоэлектрлік бөлшектері бар Қытай-Еуропа пойызы Шаньси Чжундин логистикалық паркі станциясынан жолға шығып, Әзербайжан астанасы Бакуге бағыт алды.

Бұл пойыз «теміржол-теңіз интермодальдық көлігі» моделін қолданып, 6 915 шақырымдық құрлық пен теңіз жолдарын басып өтеді. Пойыз Шаньсиден жолға шығып, Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы ел шекарасынан өтіп, Қазақстанның батысындағы Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Ақтау портына барады. Ақтауда жүк паромға тиеліп, Каспий теңізін кесіп өтіп, Бакуге жеткен соң әрі қарай таратылады. Жалпы сапар шамамен 20 күнді құрайды. «Транскаспий» халықаралық пойызының табысты іске қосылуы жүктің жеткізілу мерзімін дәстүрлі бағыттарға қарағанда шамамен 10 күнге қысқартады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото