- Барлық ақпарат
Ресейлік тілшілер Ланьчжоу сиыр еті кеспесі мұражайына барды
10 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында бірқатар ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілер делегациясы Ганьсу өлкесінің Ланьчжоу қаласындағы Ланьчжоу сиыр еті кеспесі мұражайына барды. Қонақтар мұнда кеспенің дайындалу технологиясымен, дәстүрлі өндірістік дағдыларымен, мәдени астарымен танысты. Шетелдік тілшілер Қытай ұн тағамдары мәдениетіндегі өзіне тән ерекшелікке, аспаздардың шеберлігіне тәнті болды.
Ланьчжоу сиыр еті кеспесі әзірлену бірегейлігімен, дәмінің тіл үйіретін артықшылығымен жұртқа танымал. Ланьчжоу лапшасының дәмі таңдайыңыздан кетпей, түсі де қараған адамның тәбетін ашады. Аспаздардың кеспе созуы ерекше: жіптей жіңішке етіп де, жуадай жалпақ етіп де жасайды. Кеспе созу аспаздардың шеберлік деңгейі мен сұлулыққа деген талғамды ұмтылысын көрсетеді.
people.cn © People's Daily Online