Қозғалмалы өркениет-Иньчуанның уақыттан озу техникасы

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 шілде

12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Шөл далада жалғыз түтін аспанға көтеріледі, Сары өзенде күн ұясына батады». Әдетте шөл даланы тіршілік болмайтын аймақ деп санайды ғой. Алайда Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся Дүңген автономиялық регионының орталығы Иньчуань қаласында өмір қайнап жатыр.

Ежелгі даналық пен заманауи технологияның арқасында піскен жүзімдер табандылық туралы сыр шертеді. Бұл жемістер сонымен қатар адам мен табиғат арасындағы жарасымдылықтың құпиясын меңгерген.

800 жылдан астам уақыт бұрын Батыс Ся әулетінің халқы шарап жасау шеберлігін жетік меңгерген. «Ырысты мекенде» жүзім өсіруге қажетті сазды жер мен су байлығы мол. Сондай-ақ Хэлань тауының шығыс етегіндегі жүзім шаруашылығының «алтын белдеуінде» күн сәулесі мен құнарлы топырақ та жетерлік. «Хэлань тауының шығыс етегі – сиқырлы жер. Ол кезде адамдар бұл аймақтан көп нәрсе күтпеген, бірақ бұл ырысты өлке бізге көптеген тосын сый жасады»,- деп тебіренді Sinotrans (Ningxia) Logistics Development компаниясы халықаралық интермодальдық көлік департаментінің менеджері Ли Юэ.

Иньчуань Юехай ұлттық сазды саябағы жыл құстарының тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету үшін маңызды экологиялық функция атқарып келеді. «Сазды жерлерді қорғау бір күннің ісі емес. Біздің қолымыздан келетін мүмкіндік - табиғат қонақтарына тамаша тіршілік ортасын сыйлау»,- дейді Ningxia Yuehai тобының Экологиялық қауіпсіздік және инженерия министрі Чан Хаотиань.

Иньчуанның әлеуеті жүзім бақшасымен шектелмейді. Иньчуан - «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бастамасының маңызды орталығы және Қытайдың батысқа қарай ашылуының маңызды терезесі. Бөтелке-бөтелке шараптар «теңіз-теміржол интермодальдық көлігі» жүйесі арқылы әлем елдеріне жөнелтілуде.

Иньчуань сан қырлы аймақ. Иньчуань экранды жарықтандыратын сапфирді, фильм мен теледидар түсіретін топырақ реңді асқақ қала қабырғаларын, ежелгі техникалық шеберлікпен кесілген қызыл қағаз оюларын, балық пен күріш тең өскен жасыл егістікті бір бойына сыйдырып жатыр. Зертхананың дәлдігінен бастап, шөл даладағы арманға дейін Иньчуаньның кереметі таусылған емес. Қағаз кесу дағдыларынан экран жарығы мен көлеңкесіне дейін қытай мәдениеті бүкіл әлемде салмақты әрі сенімді бейнемен үндестік тудырды.

Түн шымылдығын жапқанда Иньчуань көшелерінде жастық шақтың жалыны еседі. Бір кездері ежелгі дәрілік материал болған қасқыр жидек қазір шәйнекте қайнап, хош иісті шай дәмін аңқытады. Иньчуань үшін көтерейік! Сенің қатпары қалың өткенің, нұрлы болашағың үшін бір мәрте!

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото