- Барлық ақпарат
800 жылдық саяхат: Батыс Ся әулеті кесенесінің ашылуы
17 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 11 шілде күні Францияның Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 47-інші дүниежүзілік мұралар конференциясында «Батыс Ся әулеті кесенесі» «Дүниежүзілік мұралар тізіміне» сәтті енді.
Батыс Ся кесенесі Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся дүнген автономиялық регионының орталығы Иньчуаньнан батысқа қарай 30 шақырым жердегі Хэлань тауының етегінде орналасқан.
Бұл кесененің ішінде 9 империялық қабір, 271 бірге жерлеу қабірі, 1 ауқымды солтүстік құрылыс алаңы және 32 су тасқынынан сақтану жоба жұрты болған.
Кесене бір кездері осы өңірге үстемдік еткен Ся әулетінің (1038-1227) 800 жылдан астам уақыт бұрын шарап жасау дағдысын меңгергенінің куәсі.
Өрнегі айшықты шарап ыдыстары мен талғампаз қабырға суреттері шараптың Таңғыттар үшін тек сусын ғана емес, биліктің, салт-дәстүрдің және салауаттың белгісі болғанын білдіреді.
people.cn © People's Daily Online