- Барлық ақпарат
Қазақстан азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қытайдың ірі астық жәрмеңкесінде қатысты
ҚР Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 12-14 шілде аралығында Шэньян қаласында өткен Қытай халықаралық астық сауда жәрмеңкесіне (China Grain Trade Conference) қатысты деп жазды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстандық оператор көрмеге келушілерге қазақстандық бидай, арпа, бұршақ және майлы дақылдардың экспорттық әлеуетін таныстырды. Қытай нарығына отандық агроөнімдерді тікелей жеткізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара 2000-нан астам қатысушыны, олардың ішінде жетекші астық корпорацияларын, логистикалық компанияларды, Қытайдан және әлемнің басқа елдерінен келген ғылыми және қаржы институттарын біріктірді.
Көрме-жәрмеңке алаңдарында әлеуетті қытайлық импорттаушылармен, трейдерлермен, сондай-ақ ҚХР салалық қауымдастықтарымен келіссөздер өтті.
Қытай астық жәрмеңкесі экспорттық мүмкіндіктерді ғана емес, сонымен қатар агроазық-түлік индустриясының соңғы әлемдік үрдістерін көрсетеді. Атап айтқанда, ірі алаңда астық өңдеудегі инновациялық шешімдер, жаңа астық жинау техникасы, азық-түлік өндірісіне арналған ауыл шаруашылығы және азық-түлік жабдықтары ұсынылды.
people.cn © People's Daily Online