Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 шілде

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Астық Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді.

- Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесі аралығында асырылды. Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан барлығы сегіз құрам құрылып, жөнелтілді,- делінген хабарламада.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото