- Барлық ақпарат
Қытай мен Қазақстан инженерлік саладағы ынтымақтастықты арттырмақшы
18 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ғылым және технологиялар қауымдастығының ресми сайтындағы хабарға сәйкес, Қытайдың Ғылым және технологиялар қауымдастығы Халықаралық ынтымақтастық министрі Луо Хуэй 16 шілдеде Бейжіңде Қазақстанның Орталық Азиядағы Білім беруді сертификаттау орталығының басшысы Абдумуталип Абжапаровпен кездесті.
Екі тарап ынтымақтастықтың жаңа жоспарына сәйкес Қытай мен Қазақстан арасындағы инженерлік саладағы ынтымақтастықтың болашағына сенім білдіріп, алдағы уақытта бұдан да тығыз барыс-келістің орнығу маңыздылығын атады.
Кездесуде тараптар Қытай-Орталық Азия инженерлік алмасу мен ынтымақтастық тетігін құру, болашақ өнеркәсіптік даму үшін инженерлік білім беру мен инженерлік стандарттарды бірлесіп дамытып әзірлеу керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, инженерлердің мағұлматының үздіксіз өсу ресурстарын бірге құрып, бөлісу, сондай-ақ жас мамандарды өзара алмасу мәселелері бойынша кеңестер өткізді.
people.cn © People's Daily Online