БАӘ Қытай компаниясынан 350 E20 eVTOL электрлі тік ұшып-қонатын әуе көлігін сатып алмақ

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 шілде

18 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- БАӘ-нің Autocraft компаниясы Time Technology компаниясымен тапсырыс сомасы - 1 миллиард АҚШ долларына жететін 350 E20 eVTOL (электрлі тік ұшып-қонатын ұшақтар) сатып алу туралы келісімшартқа отырды. Болашақта Autocraft және қытайлық Time Technology компаниялары E20 eVTOL ұшақтарын Орта Шығыс пен Солтүстік Африкадағы төмен биіктіктегі туризм және әуе саяхат сияқты әртүрлі бағытта пайдалануды жоспарлап отыр.

Бұл келісім – қазіргі күнге дейін Қытайда eVTOL әуе көліктеріне жасалған ең ірі тапсырыс. Ол көлемі жағынан 2025 жылдың ақпанында ел ішінде қойылған 3,5 млрд юаньдық алдыңғы рекордтық тапсырыстан да асып түсті. Осылайша, бұл келісім Қытайдың eVTOL саласындағы ең ірі бір реттік тапсырысқа айналды.

Фото:Time Technology 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото