Жасанды интеллекттің қолдауындағы әр саланың ұласпалы байқауы Гуансидің Наньнин қаласында басталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 шілде

19 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 19 шілдеде жасанды интеллекттің қолдауындағы әр саланың ұласпалы жарысы Гуансидің Наньнин қаласында басталды.

«AI Гуанси, AI Қытай, AI АСЕАН» тақырыбымен басталған бұл байқау шілдеден қарашаға дейін жалғасады. Байқау отандық және шетелдік жетекші кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу топтары, университет студенттері мен жеке әзірлеушілерді өзіне баурап, AI-ді қолдану орталарын толық зерттеуге, АСЕАН нарығына бағытталған дамып келе жатқан жасанды интеллект компанияларын дамытуға, жасанды интеллект технологиялары мен нақты экономиканың терең интеграциясына ықпал етуге, жасанды интеллекттің жаңа сапалы өндіргіш күшке айналуына дем беруге әрі әр саланы дамытуға көмектесуге бағытталған.

Іс-шарада қолданбалы инновациялар конкурсы, өнеркәсіптік ұсыныстар конкурсы және бүкіл халықтық сынақ конкурсы сынды үш байқау орналастырылды. Сонымен қатар жасанды интеллект+ автомобильдері, шетелдік таланттар, трансшекаралық электрондық коммерция, интеллектуалды мәдени туризм және интеллектуалды ауыл шаруашылығы сияқты 17 негізгі сала бойынша байқау дайындалды. Бұл тез арада өз саласына тамыр тартып, әрі басқа салаларға дамытуға болатын инновациялық шешімдерді зерттеп, жасанды интеллекттің дамуы мен қолданылуы шынымен де адамды өзек етіп, адамдарға пайда жеткізуге мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото